• Nazcom
  • Новости
  • Daryn.online жобасы тестілеу мен анализ қызметін іске қосты

Daryn.online жобасы тестілеу мен анализ қызметін іске қосты

7 января 2020

Daryn.online жобасы қыркүйек айында іске қосылса да бірегей платформасын жетілдірумен әлі айналысуда. Жағымды жаңалықтарымыз да, жаңадан іске қосылған функцияларымыз да бар. Соларға қысқаша тоқталып өтуді жөн көріп отырмыз:

1. Платформада сабақ оқып жатқан оқушылар саны 1000-нан асты;

2. Көпбалалалы отбасылар үшін Daryn Premium тарифы іске қосылды. Яғни, мектепте оқитын 5-6 баласы бар ата-аналарға арнайы тариф құрылып, бір жанұядағы балалардың барлығына бір ай бойы платформа сабақтарын қалағанынша қолдануға мүмкіндік беріліп отыр. Бір айға – 19 мың теңге.

3. Платформада 15 қаңтардан бастап Тестілеу, Анализ, ҰБТ байқау тесттері қосылады.

 

 

 

- Жоғарыда аталғандардың ішінде тестілеу, анализ және ҰБТ байқау тесттерінің қосылатынын ерекше ізденіспен айтуға болады. Өйткені мұндай ұйымдасқан ақпаратты кез келген жерден таба алмайсыз. Оның үстіне, ата-аналар үшін де өте қажетті мәліметтер, - дейді Daryn.online жобасының жетекшісі Бөгенбай Серікбай.

Яғни:

1. Оқушы тегін тест тапсыра отырып, білім деңгейін анықтай алады. Сонымен бірге, Назарбаев зияткерлік мектебі мен Республикалық жоғары физика-математика мектебіне, Білім инновация лицейіне түсуге арналған тесттеріне дайындалса болады.

 

 

 

2. Жақында талапкерлерге арналған 200 теңге тұратын ҰБТ байқау тесттері іске қосылады. Daryn.Online жүйесі талапкердің тестті тапсырғанына қарай білім деңгейін анықтап, тест соңында таңдаған пәндері мен жинаған балы бойынша Қазақстанның қандай жоғары оқу орындары мен қандай мамандықтарына грантқа түсе алатынын көрсетіп береді.

3. Ал Daryn.Online-ның анализ функциясы талапкердің бейіндік пәндер бойынша мамандықтар тізімін, жинаған балы бойынша қай қалаға, қай университетке, қандай мамандыққа грантқа түсе алатынын анализ жасап береді.

 

Тестілеу функциясының мақсаты:

  1. Оқушының түсінбеген тақырыбын анықтау, және оқушыға тек сол тақырыпты оқуына мүмкіндік жасау (бір тақырып 200 теңге бір күнге), бір тақырып үшін барлық сабақты бір айға сатып алмайды. Оқушыға тиімді.
  2. Оқушының деңгейі төмен болса, сол сабақты сатып алып оқуға сілтеме беру.
  3. Оқушы деңгейі жақсы болса, басқа сабақтан тест тапсыруға сілтеме беру және кез келген сабақты сатып алуға 500 теңгелік жекелей промокод беру.
  4. ҰБТ, НЗМ; РФМШ бойынша бақылау тестілерін өту. Осы тестілеулерді сатып алғандарға соңында Анализ көрсетілетін болады.

Анализ функциясы:

  • ҰБТ, РФМШ, НЗМ, тағы да басқа тесттерді сатып алғандарға автоматты түрде анализ ұсынады.
  • Premium аккаунт сатып алғандарға қолдану тегін.
  • Бір рет анализ жасау - 60 теңге.
  • Шексіз анализ жасау - 1800 теңге/айына.