• Nazcom
  • Новости
  • Коронавирус: Daryn.online оқушыларды тегін оқытуға дайын

Коронавирус: Daryn.online оқушыларды тегін оқытуға дайын

16 марта 2020

Daryn.online білім беру платформасы республикадағы барлық мектеп оқушысын онлайн оқытуға көмектесе алады. Бұл туралы платформа құрылтайшысы Айбек Қуатбай Facebook-парақшасында жазды.

Қазіргі жағдайды ескере отырып, платформа республикадағы барлық мектеп оқушысына көмектесуге дайын екенін хабарлағымыз келеді. Кәсіп көзі болса да, дәл қазір ақша табудан бұрын, Білім және ғылым министрлігіне қолдау көрсетуге дайынбыз, – деп жазды Айбек Қуатбай.

 

Daryn.online платформасы

 

Айта кетейік, Daryn.online білім беру платформасын ақылы жоба ретінде іске қосылған. Жоба республика аумағында серіктестерімен бірігіп жұмыс істеп отыр. Қазіргі уақытта платформаға 18 916 оқушы тіркеліп, 4 616 оқушы білім алып жатыр..

информация предоставлена сайтом https://weekend.bugin.kz